Today: 21.Oct.2018

Медиа портал KyzmetToday.kz

Обозреватель государственной службы

ЕРТЕҢІМІЗГЕ ДЕГЕН СЕНІМ
Rate this item
(0 votes)

Егеменді еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар даму» атты халыққа Жолдауында «Біздің мақсатымыз елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз», - деген еді. Қазақстан халқының басты мақсаты - «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасының орындалуы, «Мәңгілік Ел» жерінде ынтымағы мен бірлігі жарасқан, ұлттар мен ұлыстардың достығы ұлғайған, келер ұрпақтың келешегі кемел мемлекет болып қалыптасу.

Басты мақсатқа қол жеткізу жолында Елбасының 100 нақты тапсырмасы, олар мемлекеттік даму мен қоғам өмірінің барлық қырларын реформалауды қамтиды. Бұл қалыптан тыс жоспар, онда мемлекеттің, экономика мен қоғамның кезең-кезеңімен жаңғыртылуының одан арғы бағытының негізін қалайтын 100 егжей-тегжейлі және практикалық шешімі бар.

Біздің еліміздің жаһандық деңгейдегі нақтылы артықшылықтарын жасау мен қайта жаңғырту үшін Қазақстанға бес институттық реформа ауадай қажет. Қазақстандықтардың әрқайсысы өзінің мамандығында, өзінің жұмыс орнында, өзінің қоғамдық өмірінде бүкіл елмен бірге осы маңызды 100 қадамды жасауға тиіс. Бұл ерекше құжатта мемлекеттiң, қоғамның алдында орындалуы аса қажет болып тұрған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жолдары көрсетілген.

Бiрiншi институционалдық реформаны, яғни «Кәсiби мемлекеттiк аппарат құру» үшiн 15 нақты қадам белгiленген. Құжаттың осы бөлімінде кадрларды іріктеудің, бағалаудың нәтижесінде жоғарылаудың жолдары қарастырылған. Бұл қадам кадрлар даярлау, лауазымға ұсыну кезiнде олардың өмiр тәжiрибесiне ден қойылып, оларды ағайын-туыстық, рулық, дос-жарандық жолымен iрiктеуге тыйым салынбақ.

Лауазымды жұмыстарға, кадрлар iрiктеуге конкурстық әдiстердi енгiзу мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қаблетті жүйе етеді. Қазақстандықтарды жасампаздықтың табысты жолымен, ертеңге нық сеніммен қадам басып бара жатқан Біртұтас Болашақтың Ұлты деп сипаттаған Президент идеясының мәні де осында. Ұлт Жоспарында баяндалған ойлар көрініс табады деп ойлаймын. Қазіргі біздің мақсатымыз - еркін Қазақстанды қалыптастыру.

А.Ходжамбердиев, Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихаттың депутаты, "Жаркент өңірі" газеті, № 6-7, 2017 жылғы 3 ақпан

Read 575 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

  • Свежие
  • Популярные
  • 0 Защита бизнеса и привлечение инвестиций вносят большой…
  • 0 Защита бизнеса - вектор развития экономики страны…
  • 0 В ходе встречи с личным составом Департамента…
  • 0 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа…
  • 0 Control activities During 9 months of 2018,…
  • 0  Президентом Казахстана Нурсултаном Назарбаевым определены 100 конкретных…
  • 0  23 июля текущего года состоялось очередное заседание…
  • 0 Пресс-конференция на тему:«Роль гражданского общества в формировании…
  • 0 Состоялось аппаратное совещание под руководством председателя Агентства…
  • 0 1. В какой период будет проведена аттестация…

Tags

Используйте следующие возможности

Воспользуйтесь следующими сервисами

ДОБАВИТЬ МАТЕРИАЛ

Уважаемые пресс-секретари государственных органов мы рады предоставить Вам возможность самостоятельно размещать информацию на сайте! Заявки направленные через форму рассматриваются  течении 2 суток.

 

 
Территория свободного комментирования