Today: 21.Aug.2018

KyzmetToday.kz

Обозреватель государственной службы

АТТЕСТАТТАУ – ҚЫЗМЕТТЕН АЛАСТАТУ ЕМЕС
Rate this item
(0 votes)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығын орындау нысанында Панфилов аудандық әкімшілік қызметкерлерінің көбісі аттестаттаудан өтіп келдік. Аттестациялаудан сүрінбей өту әрбір мемлекеттік қызметкердің абыройы болып қана қоймай, өзі қызмет етіп отырған ұжымға да мәртебе екені белгілі. Бұл тұрғыда қызметкерлеріміздің қай-қайсысы болмасын өз біліктілігі мен таным-парасатын көрсете білуден алшақтаған жоқ. Әрине, кейбір қызметкер тұйық, ішкі құндылығын сыртқа шығара білуден кемшін түсуі мүмкін. Әңгімелесу, сауал-алмасу барысында ол кемшіліктерін назарға алмай, комиссия мүшелері қызметкердің жан-жақтылығын, өз ісіне жауапкершілігін, қызмет этикасын басты қағидада ұстады. Бұл дегеніңіз түсіністік пен адамгершіліктің биік үлгісі дер едім. Ең бастысы, аттестаттауға қатысатын қызметкерлермен облыстан арнайы өкіл келіп, түсіндірме жұмысын жүргізіп, қобалжу мен қорқыныштың сейілуіне көмектесіп, керісінше, жауапкерлішіліктің жүгі ауыр екенін ескертті. Бұл біз үшін үлкен сабақ болғаны рас. Олай дейтінім, аттестаттау кезінде өзіміздің тарапымыздан кейбір кемшіліктердің болмауына мән беріп, қойылған сауалдарға бар ынта-ықыласымызбен, шынайы жауап бердік. Біз үшін үлкен маңызды міндеттің жүктелгенін тағы да сезіне түстік. Мемлекеттік қызметкердің қай салада болсын, өзінің халықтың, елдің адамы екенін ескере білдік. Бір қызметкер бүтін бір ұжымды сақтай да алады, биіктете алады, мүлдем керісінше де жасай алады. Аттестация – сені қызметтен аластату деген ұғым емес. Ол сенің мүмкіндігіңнің қырларын ашу. Өз қызметіңнің қыр-сырына үңілдіріп, тереңдете түсу. Кемшілігіңді толықтырып, оны түзете білетін жолдарын қарастыру. Өз-өзіңді тәрбиелеуге үйрету. Бұл тұрғыда мен өз әріптестерімнің әділдігіне, өз қызметіне адалдығына, еңбексүйгіштігіне сенемін. «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» - деген аталы сөз бар. Парасаты мен білімділігі үйлескен қызметкерлерге еңбектерінің өрлей беруіне тілектеспін. ӘЛИЯ БЕСҚАЛИЕВА, Панфилов ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы
Read 538 times
Login to post comments
  • Свежие
  • Популярные
  • 0 В целях выявления административных барьеров Департаментом Агентства…
  • 0 Сегодня на базе Высшего педагогического колледжа в…
  • 0 А.ж. 17 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет…
  • 0 А.ж. 17 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет…
  • 0 17 августа т.г. главным специалистом Департамента Агентства…
  • 0  23 июля текущего года состоялось очередное заседание…
  • 0 Пресс-конференция на тему:«Роль гражданского общества в формировании…
  • 0 Состоялось аппаратное совещание под руководством председателя Агентства…
  • 0 1. В какой период будет проведена аттестация…
  • 0 В региональном тестовом зале Южно-Казахстанской области во…

Tags

Используйте следующие возможности

Представленные сервисы помогут во всех Ваших начинаниях!

ДОБАВИТЬ МАТЕРИАЛ

Уважаемые пресс-секретари государственных органов мы рады предоставить Вам возможность самостоятельно размещать информацию на сайте! Заявки направленные через форму рассматриваются  течении 2 суток.

 

 
Территория свободного комментирования